Басты жаңалықтар
Қостанай облысында бір отбасының 4 мүшесі газға уланып қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2024
- 1.5k
17 қарашада Қостанай облысында қайғылы жағдай болды, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі «Тобол-Инфо» басылымына сілтеме жасап.
Бір отбасының 4 адамы, соның ішінде 3 баласы газдан уланып, көз жұмды. Жексенбіде түскі сағат бір кезінде Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында отбасының 7 мүшесі өз үйлерінен табылды.
Төртеуі көз жұмған, бұл екі, үш, сегіз жастағы балалар және олардың 1957 жылғы атасы.
Басылымның хабарлауынша, отағасы, анасы және олардың 4 жасар баласы Арқалық қаласы ауруханасына жеткізілді.
Отбасы аз қамтылған санаттан болған. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




