Енді оқушылар да "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде білім ала алады
- автор kyn.kz
- 19 қараша, 2024
- 177
Депутат алдағы жоспарда халықаралық олимпиада жеңімпаздары шетел асып, сол елде қалып қоймайтындай мәселе қарастырылғанын жеткізді. Сөзінше бұған дейін дарынды оқушыларымыздан айырылып қалған кездер көп болған.
«Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді. Енді «Болашақ» бағдарламасы ең дарынды оқушылар үшін бакалавриаттан бастап қолжетімді болады. Бұл – жас таланттарды қолдап, оларды елде ұстауға мүмкіндік беретін маңызды жаңашылдық. Олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, кейін елге оралып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосады. Дарынды балаларды қолдау – олардың болашағына салынған инвестиция ғана емес, бұл Қазақстанның дамуына бағытталған стратегиялық қадам», - деп толықтырды ол.