«52 миллион теңге»: Павлодар облысының әкімі жаңа жылдық безендірулерге жұмсалатын қаржыны атады
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 92
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жаңа жыл мерекесіне 52 миллион теңге қаражат бөлінетінін айты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында сөз қылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, әр қалаға безендіру бойынша 60 миллионға дейін ақша бөлінеді. Қаржының басым бөлігі мұз қалашығын салу мен көшелерді жарықтандыруға жұмсалады.
"Қалаларды безендіруге бөлінетін қаржы әр қалаға 50-60 миллион теңге аралығында. Екібастұзға 38 миллион теңге, Павлодарға 52 миллион теңге бөлінеді. Қаржының басым бөлігі мұз қалашығын салуға, көшелерді жарықтандыруға бөлінген", – деді ол.
Әкім халықтың көңілін көтеруге мүмкіндіктер шектеулі болғандықтан, сауық-сайран ұйымдастыруға айырықша қаржы бөлінетінін айтты.
"Халықтың көңілін көтеруге және жақсы-жайлы жер ұйымдастыруға мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан безендіруге, қаланы абаттандыруға, басқа да сауық-сайран шараларын ұйымдастыруға қаржы бөліп жүрміз", – деп қоса кетті Асайын Байханов.