Калейдоскоп
«Жауын-шашын, көктайғақ»: қарашаның соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қараша, 2024
- 160
Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады
Қазгидромет қараша айының соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде.
“Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және желдің күшеюі, ал айдың аяғында елдің басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжанады” дейді синоптиктер.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.