Қоғам
Астанада полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікке ілінді
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қараша, 2024
- 1.0k
Астана Полиция департаменті зорлық жасаған адамның бұрынғы полиция қызметкері екенін растады
Желіде Астанада қызды жедел уәкіл зорлады деген ақпарат тарады. Бойжеткен 2003 жылы туған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Әлеуметтік желіде жазылғандай, қызметкері пәтерге келіп, қызға куәлігін көрсеткен. Оған бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Бірақ кейіннен қайтып айналып келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Сөйтіп қызға шабуыл жасап, зорлық жасаған.
Астана Полиция департаменті зорлық жасаған адамның бұрынғы полиция қызметкері екенін, оның уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалғанын хабарлады.
"Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маусым айында Қазақстандағы тұрғын үй сатылымы сенімді өсім көрсетті
- авторkyn.kz
- 10 шілде, 2026
Қоғам
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




