Аймағамбетов: Салықты қарапайым халыққа артқалы жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:38
- 45
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа салық кодексі жобасындағы бір өзгерісті сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймағамбетов бір картадан екінші картаға ақша аударсаңыз комиссия 150 теңгені құрайтынын еске салады. Бірақ егер салық кодексінің жаңа жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12% қымбаттауы мүмкін.
Яғни, Ұлттық экономика министрлігінің барлық төлем операцияларына қосымша құн салығын енгізуді жоспарлап отыр. Пластикалық карталарға қызмет көрсету, картадан картаға, шоттан шотқа аудару, аударымдар мен банк қызметтері айтарлықтай қымбаттауы ықтимал.
“Министрлік банктер бұл шығындарды өздері жабады деп мәлімдейді, бірақ шынын айтайық — бұл аңыз. Банктер шығындарды клиенттерге аудару мүмкіндігін ешқашан жіберіп алмайды. Бұл қайырымдылық емес. Ең таңқаларлығы – Ұлттық банк, қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті "Атамекен"де бұл нормаға қарсы. Алайда ҰЭМ кодекс жобасына оны бәрібір енгізді. Мұндай өзгерістер біздің шығындарымызды арттырып қана қоймай, қаржы жүйесіне деген сенімімізді төмендетеді. Бұл бастама барлығына әсер етеді. Біз осы норманы өзгерту үшін түзетулер ұсындық”, – дейді депутат.
Аймағамбетов халыққа қайырылады: сіздің ойыңызша, кезекті салықты қарапайым адамдардың мойнына салу қаншалықты әділетті? Бюджет тапшылығы проблемасын басым емес шығыстарды қысқарту, бюджетті неғұрлым ұтымды пайдалану, үстеме табыс алатын салалар үшін жеңілдіктерді жою және салықтарды арттыру есебінен шешу қажет дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Доллар 525 теңге: Ұлттық банк түсініктеме берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024