«Аяз күтіледі»: Астана мен Алматы қалаларына үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2024
- 61
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
4 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауады, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 1-3 градус аяз болады.
5 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 4-6 градус аяз күтіледі.
6 желтоқсан: бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 4-6 градус аяз болады.
4 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
5-6 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 жылы болады.