Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Орамалды қыздың анасы Жоғарғы сотта баласын сабаққа кіргізбеген мектепті жеңді

Орамалды қыздың анасы Жоғарғы сотта баласын сабаққа кіргізбеген мектепті жеңді
caspianlife.kz
Жоғарғы сот баланың білім алу құқығы шектелгенін атап көрсетті.

Жоғарғы Сот орамал тағуына байланысты балаларды мектепке кіргізбеу туралы іс бойынша шешім шығарды. Ата-аналар жалпы білім беретін мектептің әрекетіне шағымданып, талап қойған еді.

Сот білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі екенін атап өтті. Осыған орай, апелляциялық соттың шешімі қолдау тапты, ал Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың бұрынғы шешімі күшін жойды. Нәтижесінде талап қою қанағаттандырылды.

Айта кету керек, сот барысында білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы арнайы қарастырылған жоқ. Мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту Білім министрлігінің құзырында қалады. Министрдің бұйрығы әлі де заңды күшінде.

«Сонымен қатар, ата-аналар мектеп ережелерін, оның ішінде мектеп формасына қатысты талаптарды орындауға міндетті. Егер ата-аналар бұл міндеттерді елемесе, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Осындай істер Атырау, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарының соттарында да қаралып, ұқсас шешімдер қабылданған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар