Мәдениет
«Мейірімің екі есе көп болады»: Роза Рымбаева өзінің қандай әже екенін айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2024
- 893
Бұрын құрдастарыма "Неге кешке дейін немерелеріңді айта бересіңдер
ҚР халық әртісі Роза Рымбаева өзінің қандай әже екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызына айтып берді.
“Адам немерелі болғанда мейірімің екі есе көп болады екен. Одан кейін өзінің балаларың өсіп кеткеннен кейін кішкентай нәрестені сағынасың. Бұл деген екі есе жауапкершілік. Немереме де жақсы тәрбие, махаббат бергім келеді. Әже болғаннан кейін еркелеткім келеді. Сондай ерекше қасиет пайда болады екен. Бұрын құрдастарыма "Неге кешке дейін немерелеріңді айта бересіңдер. Сенің емес, балаңның баласы ғой" деуші едім. Сол кезде олар "Рымбаева басыңа келгенде түсінесің" деп жауап беретін. Тура сол басыма келді. Немереден тәтті бала жоқ екен", – деді өнер иесі.