«Әлі дұрыс ұйықтаған жоқпын»: Айсәуле Бақытбек үш көмекшісі бола тұра ешнәрсеге үлгере алмай жүргенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2024
- 210
Блогер Айсәуле Бақытбек үшінші рет жеңіл босанғанын және алдағы уақытта тағы да сәбилі болғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Баян Мақсатқызының үлкен қызы қараша айында үшінші қызын дүниеге әкелген еді.
“Бұл жолы бәрі жеңіл өтті. Мүмкін, есейіп саналы түрде қадам жасағандықтан болар?! Осыдан кейін тағы да босануға болады деп ойлап қалдым. Бірақ араға үзіліс салған дұрыс. Сонда ғана денсаулығың қалпына келеді”, – деді блогер.
Айсәуле Бақытбек үш көмекшісі барын айтып, бірақ ешнәрсеге үлгере алмай жатқанын жеткізді.
“Менің екі бала күтушім мен үй көмекшім бар. Сонда да әлі дұрыс ұйықтаған жоқпын. Балалар оянбай тұрып, шай ішіп алайын деген ой жоқ. Рахаттанып отыра алмаймын. Кейде соларды ойлап, жылап аламын. Бір баланы жалғыз бағу – ерлік. Ал бір жарым жастағы үш балаға қарауға сөзім жетпейді. Маған үш көмекшім болса да жеткіліксіз. Үш көмекшім бола тұра, ештеңеге үлгермеймін. Маған күйеуімнің туыстары мен ата-аналары және достары көмектеседі. Балаларыңыздың арасы бір жастан болса да, олармен сапалы уақыт өткізіп, дұрыс тәрбие беру – маңызды”, – деп жазды Айсәуле.