«Көктайғақ, екпінді жел»: 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:25
- 329
"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
19 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде циклон әсерінен қар, бұрқасын, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел күтіледі.
19-20 желтоқсан күндері солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсан күні оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты қар жауады.
21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуы әсерінен республиканың батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Ал солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.
Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде тұман түседі деп болжанып отыр.
Түнде ауа температурасы батыста 3-13-градус аяздан 5-18 градус аязға дейін, ал шығыста 10-26 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін ауытқиды.
Еліміздің өзге облыстарында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:
- түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20 градус аязға дейін,
- орталықта 13-25 градус аязға дейін,
- республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз,
- таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін.
Ұқсас жаңалықтар
«Көптеген елде жағдай ушығады»: астролог 2025 жылға болжам жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 желтоқсан, 2024
«Көктайғақ, тұман»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 желтоқсан, 2024