Астанада ауруханада 8 жастағы қызды зорламақ болған әскери қызметкер ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:43
- 258
Астанадағы ауруханалардың бірінде 8 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әскери қызметкер кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды.
«Қылмыстық іс қозғалды. Оқуда жүрген Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов те растады.
«Қылмыстық іс қозғау фактісін растаймын. Қазіргі уақытта әскери қызметшілердің біріне қатысты жыныстық құқық бұзушылық жасау туралы қылмыстық іс тергелуде. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды», - деді ол.
Санжар Әділов қажетті сараптама тағайындалғанын және тергеу жүргізіліп жатқанын айта кетті.