Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейін сыйға берілген көліктерді сатып жіберген
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024
- 276
Қазақстандық боксшы, Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне сыйға берілген көліктерді сатуға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеген.
Спортшы олимпиада ойындарынан кейін жарты ай демалғанын және жеңіл жаттығулармен айналысқан.
Назым Қызайбай өзіне берілген көліктерге қатысты сауалға жауап берген. Ол туған ауылы Сарыжаздан алған LI 7 көлігін пайдаланып жүргенін, ал қалғанын сатып жібергенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарынан кейін Назым Қызайбайға 4 автокөлік сыйға тартылған болатын: Lixiang L7, Mini, Zeekr және Lixiang L6. Барлығы Назым көліктерді сатудан 49 миллион теңгеге жуық ақша алған (есептер көліктердің орташа құнына негізделген).
Қызайбайға көліктерден бөлек Алматы облысынан үш бөлмелі пәтер де берілді. Сондай-ақ, жеткен жетістігі үшін боксшыға міндетті түрде 75 мың доллар (39,653 миллион теңге) сыйақы берілді.