Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Ақша шығаруға көмектескен”: Перизат Қайраттың анасы да күдікке ілінді

“Ақша шығаруға көмектескен”: Перизат Қайраттың анасы да күдікке ілінді
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Блогер әлеуметтік желіде араб елдеріне ет жеткізетін компаниясы бар екенін жазған

Су тасқынына жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың анасы да күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзнің telegram-арнасына жазды.

Тергеу органдары анасы Ғайни Алашбаева қызына қайырымдылық қоры жинаған ақшаны қолма-қол етуге көмектескен деп есептейді.

Бұған дейін Курсив басылымы Перизат әлеуметтік желіде араб елдеріне ет жеткізетін компаниясы бар екенін жазған. Алайда анасының атына мұндай компания тіркелмеген.

Айта кетсек, Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр. 16 қарашада Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар