Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Вирус жұқтырып келген екенмін”: жеті күнге қамалған Амилай бостандыққа шықты

“Вирус жұқтырып келген екенмін”: жеті күнге қамалған Амилай бостандыққа шықты
Сурет: ашық дереккөздерден
Желі жұлдызының көзі қызарып кеткен

Жеті тәулікке қамалған трансгендер Амилай бостандыққа шықты. Ол ұсақ бұзақылық үшін істі болған еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Блогер өзіне қолдау білдірген оқырмандарына алғысын білдірді. Қамауда болған ол вирус жұқтырып алғанын айтты. 

“Достар, мен шықтым. Бәрі жақсы өтті. Ол жақта ешкім тиіскен жоқ. Өйткені мен Егер маған тиісетін болсаңыздар, бәрін шулатамын“ деп қорқыттым. Сол үшін ешкім жоламады. Бастықтармен танысып қайттым. 85-90 жылғы жігіттер екен. Мені ұстаған полициялар ғой, нағыз қанішерлер. Жүйкеге тиеді екен. Түрме қызметкерлері сыпайы әрі барлығын түсіндіреді. Көзімнің қызарғаны қайтпай жатыр. Соны уайымдап отырмын. Сол жақтан вирус жұқтырып келген екенмін. Окулистке қаралып, ем алып жатырмын”, – деді желі жұлдызы.  

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар