Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Шерзаттың ісіне алаңдаймын”: прокурор Айжан Аймағанова Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

“Шерзаттың ісіне алаңдаймын”: прокурор Айжан Аймағанова Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Сурет: Ktk.kz
Ол Алматы облысындағы әріптестерім өз жұмысын адал атқарып жатқанына сенімді екенін жеткізді

Подполковник Айжан Аймағанова Талғарда аяусыз өлтірілген Шерзат Полаттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, Талғардағы оқиғаға байланысты халықтан көптеген сұрақтар келеді.

«Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегіме батады, бірақ бәрі заңға сәйкес болады. Біз бір қағиданы түсінуіміз керек: әрбіріміз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқару ол - міндет. Алматы облысындағы әріптестерім өз жұмысын адал атқарып жатқанына сенімдімін», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Айжан Аймағанова әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған еді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар