Калейдоскоп
Алматыда қалың қар жауып, әуежай уақытша жабылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 желтоқсан, 2024
- 243

20 желтоқсанында сағат 20:45-тен 23:00-ге дейін рейстерге жабылады
Алматыда қалың қар жауып, ауа райының қолайсыздығынан әуежай уақытша жабылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы халықаралық әуежайы таратқан ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону уақытша тоқтатылды.
"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты әуежай 2024 жылдың 20 желтоқсанында сағат 20:45-тен 23:00-ге дейін рейстерге жабылады. Ұшу рейстеріне ауа райының жақсаруына байланысты қызмет көрсетіледі", – деді әуежай өкілдері.
Cонымен бірге, Алматы жолдарында қалың жауған қардан көлік кептелісі орын алды.
Көлік кептелісі қала орталығында және Назарбаев, Рысқұлов, Райымбек, Абай және Әл-Фараби даңғылдарында кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
Калейдоскоп
Астаналықтар жұмыс күнін жарты сағат ерте бастауы мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 наурыз, 2025