Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі продюсер күйеуі 90-шы жылдары "бандит" болып жүргенін ашық айтты

Белгілі продюсер күйеуі 90-шы жылдары "бандит" болып жүргенін ашық айтты
Инстаграм
Гүлнұр Мамасарипова: Алғашқы жігітім, алғашқы махаббатым өмірлік серігім болды.

Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова  үнемі көпшіліктен жасыратын өмірлік жары жайлы  Kozqaras  подкастына берген сұхбатында айтты. Сөзінше күйеуін оқушы кезден таныған.

«Мектеп кезінде папамның ағасының қызы мені дискотекаға ертіп барған еді. Мен бір сынып тқмен оқитынмын. Сол жерде алғаш рет таныстық.Содан кейін Алматыға келіп бір университетке түсіп, табысып кеттік. Ол заң факультетінде оқыды, ал мен журфакта оқыдым. 90-жылдардың басы бандиттер, рекэтирлер модада еді ғой. Ол кісі сондай заң маманы болғандықтан, достарымен бірге 90-жылдардағы бандиттер секілді, мықты, спортшы, кез келген жерде мен үшін тұрып бере алатын болды. Жатақханада ол кезде небір жағдайлар болатын. Ол бар болғандықтан ештеңеден қорықпаппын. Достарымен қоса сондай крутой болатын. Сондай образдағы азамат. Менің алғашқы махаббатым болды. Жалғыз сол жігітпен жүріп, сол жігітке тұрмысқа шықтым. Өткенде өзі жазып жатыр. Үйленгенімізге, мені үйіне келін етіп апарғанына 31 жыл болыпты», — деді ол жары жайлы.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар