Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«-35 градус аяз»: алдағыи үш күнге арналған ауа райы болжамы

«-35 градус аяз»: алдағыи үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: fotoblik.ru
Жалпы республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, батысында көктайғақ күтіледі

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

24 желтоқсанда республиканың көп бөлігінде, 25-26 желтоқсанда еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында қар жауады, ал еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек қазақстанның оңтүстігіне ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Жалпы республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, батысында көктайғақ күтіледі.

Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады. Ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар