Мейіржан Төребаев жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға алмастыруды сұрады: сот шешім шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 желтоқсан, 2024
- 561
Қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сотталған вайнер Мейіржан Төребаев өтелмеген жазасын неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл өтінішті Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты қараған.
Вайнерге азаматтық талап бойынша жалпы сомасы 814 120 806 теңге, мемлекеттік баж түріндегі сот шығындары түрінде 8 060 602 теңгені өтеу міндеттелген.
Сот талқылауы барысында сотталғандарға жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш хатты қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылатын зиянның өтелмегені белгілі болды.
“Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот М.Төребаевтың жеке ісінің материалдарын жан-жақты зерттеп, сот қаулысымен өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды”, - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, Мейіржан Төребаев Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2023 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған.