Синоптиктер жаңа жылға ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2024
- 294
Синоптиктер 2024 жылдың 31 желтоқсаны мен 2025 жылдың 2 қаңтарына ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі: солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. 1-2 қаңтарда екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.
31 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елімізде жел күшейіп, тұман түседі.
«Елдің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтілуде: батыста түнде 5 градус аяздан 5 градус жылыға дейін, күндіз 3 градус аяздан 10 градусқа дейін жылы. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 аяз, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыста температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.