«Жүрек шымырлап, жаным ашып кетті»: Меруерт Түсіпбаева Асхат Садырбайдың екінші әйеліне қолдау көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2024
- 128
Әнші Меруерт Түсіпбаева “Екінші әйелін ұрып-соқты” деп қызу талқыға түсіп жатқан журналист Асхат Садырбайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, бұл туралы ешнәрсе жазғысы келмеген. Алайда Айғанымның щарасыздығын көрген.
“Сократ менің досым, бірақ шындық қымбат” деген сөз бар. Көп ойланып кезінде “Қазақфильмге” қатысты да пікір білдірген едім. Осы жолы Асхатпен сыйласып жүргесін ешнәрсе жазбаймын деп едім, Бірақ кеше экс-жұбайы Айғаным видео жариялапты. Сұхбатын да көріп шықтым. Соны біреулер өшіріп тастапты. Бұл – бассыздық. Журналистер сіздерге не көрінді?! Мен екі рет көріп шықтым. Айғанымның толқып отырғаны көрініп тұрды. Өшіретіндерің бар, неге адамның уақытын аласыңдар?! Неге екені белгісіз, кеше Айғанымның түрін көріп шошып кеттім. Күйзелісін сездім. Жүрек шымырлап, жаным ашып кетті. “Жібекті түте алмаған жүн қылады” деген сөз бар. Ана мен жаны нәзік әйел емес пе?! Осы оқиғадан кейін өзіне берік болса екен?!”, – деп жазды әнші.
Ұқсас жаңалықтар
Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының неден қайтыс болғанын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2025