Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда 5 ер адам қызға есірткі беріп, зорлаған: прокуратура мәлімдеме жасады

Ақтауда 5 ер адам қызға есірткі беріп, зорлаған: прокуратура мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Облыс прокуроры сот үкімі мен жаза мөлшеріне келіспеген

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда зорлықтан соң өзіне қол жұмсаған қызға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Прокуратура өз-өзін өлтіруге алып барған зорлықтың бас ұйымдастырушысын өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

«2024 жылғы 19 желтоқсанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жәбірленушіге қатысты жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша негізгі фигурантқа 20 жыл, ал оның жанындағы қылмысқа үлес қосқан төрт жігітке 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру тағайындалды. Өз кезегінде прокурор өзінің жарыссөзінде бас фигурантқа өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал басқа қатысушыларға 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған», - деп хабарлады прокуратура.

Облыс прокуроры 5 қаңтарда сот үкімі мен жаза мөлшеріне келіспегендіктен, сот жарыссөзінде баяндалған ұстанымға сәйкес өтінішхат енгізді.

Айта кетсек, Ақтауда 5 жігіт жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан қызды көлікке қинап отырғызып, есіркі беріп зорлаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар