Ақтөбе облысында балабақша тамағында жәндіктер жүр: үш адам жұмыстан шығарылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қаңтар, 2025
- 139
Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде тамақтан жәндіктер табылды. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Ашулы ата-аналар жариялаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ақтөбе облысы білім басқармасы түсініктеме берді. Мәліметінше, үш адам жұмыстан шығарылған.
"13 қаңтарда Қандыағаш қаласындағы "Самал" балабақшасында жағымсыз жағдай болды. Таңертең әдеттегідей ботқа, яғни арпа ботқасы дайындалды. Қызметкерлер ботқаны тексерген кезде ештеңе байқалмаған. Алайда ботқа пісіп, тәрелкелерге салынғаннан кейін оның ішінде жәндіктер табылды. Балаларға ботқа берілген жоқ. Бұл оқиғадан кейін балабақша меңгерушісі, медбике және аспаз жұмыстан босатылды," – деп түсіндірді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертлеуова.
Айта кетсек, жәндіктер толы ботқа көрсетілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының білім бөлімі қазіргі уақытта балабақшада тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.