«Құдай атын жамылып қазақты адастырған»: Сәуле Әбділдаханқызы Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қаңтар, 2025
- 7.4k
Белгілі журналист, әлеуметтік желіде белсенді Сәуле Әбділдаханқызы Мұхамеджан Тазабекті сынап тастады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналист Мұхамеджан Тазабектің «Мағауин қазақтан жиіркенді» деген сөзіне шүйлікті.
“Өз ой-пікірін, көзқарасын Мағауинге таңатындай, оның атынан сөйлейтіндей Тазабек кім??? Тазабек емес, ласбек екенсің... МҰХАМЕДжан емес, мүнәфиқ екенсің... Мұсылманның сөзі, мұсылманның ісі мұндай болмаса керек... Мағауин ұлтын сүйгендіктен Мағауин болды! Оның қазаққа деген махаббаты сенің, менің, бәріміздің махаббатымыздың жиынтығынан жүз есе артық!... “Мағауин қазақтан жиіркенді” деп данышпансып отыр... Мағауин жиіркенсе, сақалы салақтаған, дамбалы далақтаған, Құдай атын жамылып қазақты адастырған, елді алатайдай бүлдірген, бөлген, іріткі салған, сатқан, Алла атын жамылып арна ашып, қазақтың миын улап, жүрегін аулап, тұнығын лайлаған, қазынаны тонап, шетел қашқан ласбектерден жиіркенген болар...”, - деді ол.
Айтуынша, бұрынғы айтыскердің қазақ халқына өкпелейтін жөні жоқ. Сәуле Әбділдаханқызы жастардың Сирияға кетуіне Тазабекті кінәлады.
“Өзінің әр сөзіне келесі сөзі қарсы шығатын бұл айтқышбектің қазаққа да, халыққа да, билікке де өкпелейтін не жөні бар десейші?!.. Бала кезінен кино десе - киноға түсті, халқы қол соқты, айтыс десе - айтыста өрледі, халқы қол соқты, арна ашам деді - ашты, билік еркіндікті берді, ақ дегені алғыс болды, қара дегені қарғыс болды, асыл арнасы алтын ағызатын арна болды бұл үшін, - миллиардтап қалтасын қампайтты... Бұның билігі бұ ғасқаны төбесіне көтеріп, әр мекемеде лекция оқытты... полисайға митингіге шыққан шал-кемпірді құйрықтан теп деді, шал-кемпір кешірді, сақалын жұлып алмады... Қанша жұрт сөзіне елітті, қаншама қазақ соңынан ерді, қанша қазақ баласы бұл үшін Сирия асты...Көзін ашып, есін жиып, етегін жапқалы қалқып ішіп, шайқап төгіп, қазақтың тек майлы күлшесін жеген неблагодарный енді келіп өзін асыраған қазақтан жиіркенеді-мыс.... фуууу... жиіркеніштіні іздесе - айнаға қарасын... қазақтан жиіркенсе, Арабия ассын, Сирия кетсін.... қазақтан жиіркеніп, өзін “ұлы” санағандай, “ұлыларда шекара болмайды” деп отыр екен, онда шекара асып, ауған ауып кетсін.... неблагородный», - деп жазды журналист.