Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында тәрбиешіні өлтіріп кетті

Жамбыл облысында тәрбиешіні өлтіріп кетті
Сурет: gazeta-n1.ru
Қылмысты жасап біткен соң 45 жастағы көңілдесіне барып, сақиналарды ломбардқа өткізу үшін берген

Жамбыл облысында ер адам балабақша тәрбиешісін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

10 қаңтар күні балабақша қызметкері үйінен шығып кеткен. Ол ұлының оқу ақысын төлеу үшін Таразға шыққан. Бірақ сол бойы оралмаған.

Марқұмның күйеуі, әйелі қоңырауларына жауап бермеген соң алаңдап, жан-жаққа қоңырау соққан. Сөйтіп университетке бармағанын анықтайды. Осыдан кейін іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылады.

Сол күні кешке қаладағы теміржолдың жанынан жоғалған әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар, өртенген мәйіті табылды. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әйелдің өліміне басынан алған соққы себеп болуы мүмкін, мәйіттің жанынан қанға боялған тас табылған.

Ақпаратқа қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – делінген полиция хабарламасында.

Көшеде кетіп бара жатқан әйелден ер адам ақша сұраған. Әйел ақша беруден бас тартқан. Күдікті оның басынан таспен бірнеше рет ұріп, қолынан екі алтын сақинаны ұрлаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін оны темір жолға сүйреп апарып, өртеп жіберген.

Қылмысты жасап біткен соң 45 жастағы көңілдесіне барып, сақиналарды ломбардқа өткізу үшін берген. Полицейлер барлық заттай айғақты тәркіледі. 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар