Үкімет 55 жастан асқандарға 208 мың теңгеден төлейді
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қаңтар, 2025
- 1.5k
Өткен жылы зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген 13 568 адамға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалған. Өтініш бергендердің саны 14 322 адам жеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Тағайындалған төлемнің орташа деңгейі - 208 мың теңге болған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл төлем төрт негізде төленеді.
– республикалық бюджет.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.
– жұмыс беруші болса
– өмірді сақтандыру ұйымы.
Осы төлемдерді алғысы келген азамат тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік төлем тағайындайтын мекемеге барып, өтініш берген соң оған осы төрт көздің бірінен немесе бірнешеуінен қатар төлем тағайындалады.
Өтініш берудің басты шарты – 55 жасқа толған болу керек және соңғы жеті жыл бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударым түскен болу керек. Дегенмен бұл арнаулы әлеуметтік төлем адам зейнетке шыққанда тоқтайды.
Қосымша ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен білуге болады.