“Тұман, көктайғақ”: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қаңтар, 2025
- 108
Синоптиктер 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Астанада күндіз және түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Қарағандыда бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Атырауда да көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбеде де көктайғақ болады.
Қостанайда күндіз бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Оралда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада тұман, көктайғақ болады.
Петропавлда күндіз көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын жүріп, жолдарда көктайғақ болады.
Таразда кей уақыттарда тұман болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман түседі.
Талдықорғанда да түнде тұман болады деп күтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
“Тұман, боран”: синоптиктер ауа райы болжамын жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 қаңтар, 2025