Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлдодарда өгей әкесі 2 жасар қызды ұрып тастаған

Павлдодарда өгей әкесі 2 жасар қызды ұрып тастаған
Сурет: currenttime.tv
Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады

Павлодарда 2 жасар қызды өгей әкесі ұрып-соққан. Бұл ақпаратты өңірдің балалар омбудсмені Сауле Шәкенова растады, деп хабарлайды, KYN.KZ ақпарат агенттігі alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Агенттікке берген түсініктемесінде Сауле Шәкенова ер адамның өзінің бірге тұратын әйелінің кіші қызын ұрып-соққанын айтты.

«Тергеу нұсқасы бойынша, ол әйелінің кіші қызына дене жарақатын салған. Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікке ілінді», – деді балалар омбудсмені.

Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомстводан.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар