«-40 градусқа дейін аяз»: алдағы күндері күн суытады
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қаңтар, 2025
- 221

Алдағы күндері кейбір өңірлерде минус 40 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде температура төмендей түседі. 23-24 қаңтар күндері республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне қар, кей жерлерде қар қатты жауады. Ал қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады.
Қазақстан бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман түседі.
Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз.
Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейіп, қатты аяз болады.
Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус шамасында сақталады.
АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жер телімін жалға алады
Ұқсас жаңалықтар
“Тұман, боран”: синоптиктер ауа райы болжамын жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 қаңтар, 2025