Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде жаңа мереке күндері пайда болды

Елімізде жаңа мереке күндері пайда болды
Сурет: newsmaker.md
Бірнеше мереке күндері белгіленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды:

  • Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
  • Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
  • Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
  • Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.

Сонымен қатар, аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні аталған тізімнен алып тасталды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар