Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айжұлдыз Адайбекова жігітімен мешітте некесін қидырды

Айжұлдыз Адайбекова жігітімен мешітте некесін қидырды
Сурет: жеке парақшасынан
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, түрлі пікір қалдырды

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен некесін қидырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Актриса жеке парақшасында жақсы жаңалығымен бөлісті.

“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз. 

Айта кетсек, Сәкен Қағаров блогерге Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын. 

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, түрлі пікір қалдырды.

Олар “Некелерің мәңгілік болсын!” Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!” деп жазды. 

Еске салсақ, Айжұлдыз мобилограф Қыран Талапбекпен шаңырақ көтеріп, ажырасып кеткен еді. Екеуіне ортақ Назар есімді ұлдары бар. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар