«Жалдамалы пәтерге 50 млн теңге кетті»: Жұлдыз Әбдікәрімова өз ақиқатын айтты
- автор kyn.kz
- 30 қаңтар, 2025
- 132
Жұлдыз өзі тұрып жатқан пәтерін 180 млн деп бағалаған. Дегенмен, Диляра Тәжімбаева пәтер бағасын 160 млнға түсірген.
“Келісім бойынша пәтердің бағасы 170 млн, ал паркинг 3 млн тг деп алайық. 2021 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келемін. Көпбалалы ана болғандықтан, әр балаға жеке бөлме керек. Сол себептен жалдамалы пәтердің бағасы орта есеппен 1 млн тг”,- дейді Жұлдыз.
Әнші материалдық шығыннан бөлек моралдық шығынды да есепке алды. Осы істің салдарынан жаз айында ауруханаға түскен. Дәрі-дәрмек пен емге жұмсалған қаражаттың жалпы соммасы 5-6 млн теңгені құрайды.
“Ауруханадағы дәрігерлер маған нақты диагноз қоя алмады. Сондықтан, ауруханадан шығып кеттім. Бір жағынан балаларым қатты шошынды. Мен сәл ауырсам, түшкіріп қалсам да балаларым мен үшін уайымдай бастады. Олардың психикасы құртылды”,- дейді ол.
Жұлдыз Әбдікәрімова 2024 жылдың жазында 3 жобадан, күз айларында 2 жобадан бас тартқанын айтты.
“Бір жобадан кем дегенде 3-5 млн табуға болады. Жаз бойы кіріс көрмей, тек шығынға ұшыраумен болдым. Театрға мүлде бармай қойдым. Оларға жағдайымды айтып түсіндірдім. Театрда қойылым барысында мәтінді ұмытып қалсам, басқа эмоцияға беріліп кетсем не болады деген ой мазалады. Халықты алдай алмайсын ғой. Шынайы эмоция бере алмайтынымды түсіндім. Себебі, бар ойым осы істе болды”,- дейді ол.