Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл”: Дана Нұржігіт Қайрат Нұртастың әйеліне ақыл берді

“Жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл”: Дана Нұржігіт Қайрат Нұртастың әйеліне ақыл берді
Сурет: ашық дереккөздерден
Күрес, жаным! Белді бекем бу! Ол-балаларыңның несібесі, сенің еңбегің, табан ақы, маңдай терің!

Белгілі тележүргіузші Дана Нұржігіт желідегі  парақшасында актрисаға мықты болуға кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әпкесі актрисаға белін бекем буып, соңына дейін күресуге күш берді. Сондай-ақ, өзінің қолдауын білдірді.

“Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады! Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулықты да берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос! Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл-“соғыс!”. Алаяқтар тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін барады. Сыртымыздан күліп отырады. Мен де көрдім ондайды! Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының ауызынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес, жаным! Белді бекем бу! Ол-балаларыңның несібесі, сенің еңбегің, табан ақы, маңдай терің! Неге балаларыңмен далада қалуың керек екен?! Неге ол сенің денсаулығың, кәсібің мен берекеңді алған иттігі үшін жауап бермеуі керек?! Өтесін! Қайтарсын! Адвокатың да мықты болсын! Мен сен жақпын, жаным! Балаларымыз бірге оқиды. Нарұлдың көңілін де көріп жүрмін. Қатты уайымдайды, алаңдайды ботақан. Құдай қуат берсін саған! Не де болса, Қайрат азаматтық қайратымен, ісімен де, сөзімен де қасыңнан табылсын деймін. Бұл-сынақ. Бір бол!
Құшақтап, сүйдім сені, сіңілім! - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетсек, Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан төрт жыл бұрын жер үй аламын деп алданып қалған. Қазір сол оны алдап кеткендермен соттасып жүр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар