
Мамандар ораза ұстау мына ауруларға ем дейді:
1. Жасушалар жаңарып, ескілері жойылады;
2. Қант ауруына тосқауыл болады;
3. Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді;
4. Тері ауруларына пайдалы;
5. Тұз байлану ауруына пайдалы;
6. Қан қоюлануының алдын алады;
7. Ағзаларды улы заттардан тазартады;
8. Ас қорыту жүйесі дем алады;
9. Жағымсыз тәуелділіктерден арылтады;
10. Қан қысымын түсіріп, бас ауруының жазылуына пайдалы.
Оразада күніне 14-15 сағатқа жуық тамақ ішуден тыйылатындықтан, бастапқыда бас айналу, ауыздан жағымсыз иістің шығуы да болады. Бірақ, уақыт өте ағзаңыз үйрене бастайды.
Есте сақтайтын нәрсе, ауыз ашқан соң бірден майлы, асқазанға ауыр тағамдарды жеуден аулақ болыңыз. Бұл дегеніміз сіз өз денсаулығыңызға зиян келтіресіз. Алла елшісі (с.а.с) ауыз ашар кезде тек бірнеше құрмалардан дәм тартып, аз ғана су ішіп ақшам намазына тұратын. Бізде осыны әдетке айналдырып, барынша құнарлы ас жеуге дағдылану керекпіз.