Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда күйеуі әйелдің ЭКО арқылы босанған 2,5 жастағы егіздерін зорлаған

Атырауда күйеуі әйелдің ЭКО арқылы босанған 2,5 жастағы егіздерін зорлаған
smolensk-i.ru
Балалар психологқа ер адамның жыныс мүшесін салып берген.

Атыраулық әйел күйеуін екі баласын қатар зорлады деп күдіктенеді. Оның күдігін психологтар да растап отыр. Өйткені қос бүлдіршін балабақшада өздерін нашар сезіне бастаған. Тәрбиешілер жұмыстағы ананы шақырып, өзгерістер жайлы айтқан. Әйел бірден балалар психологына жүгінеді,деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Әйел күйеуінің жағымсыз мінездері жайлы кеш білгенін айтты.

Сұмдық дерек былтыр тіркелген. Екі жарым жастағы ұл-қызының мінез-құлқындағы өзгерісті анасы балабақшада байқаған. Балалар бір-бірінен бөлек кетпей, қолдарын мықтап ұстап алатын жағдайға жеткен. Олар тіпті айналадағының бәрінен қорқып, түсініксіз сурет сала бастаған. Егіздердің оғаш қылығын байқаған ана психологиялық сараптама жасатқан. Мамандар соған сәйкес, балалардың қиялға бейім еместігі туралы қорытынды жасады. Әрі балалар сурет салу арқылы сексуалдық сипаттағы қысым көргенін бейнелеген.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс бір жылдан бері тергелуде. Тергеу барысында бірнеше сараптама берілген. Қазіргі таңда комиссиялық сот медициналық сараптама тағайындады. Нәтижесіне сәйкес, процессуалдық шешім шығарылатын болады", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Дана Тлек.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар