Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өмір үшін күрескен": Атырауда әйел 5 жасар қызының өліміне дәрігерлердің кінәлі екенін айтты

"Өмір үшін күрескен": Атырауда әйел 5 жасар қызының өліміне дәрігерлердің кінәлі екенін айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Ауруханаға қызды жедел жәрдеммен жүрек соғысы әлсіреген шақта жеткізген.

Атырауда әйел бес жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Мой город сатына сілтеме жасап.

Айтуынша, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 5 жасар қызы Жасмин Нариманқызын құтқару үшін уақтылы шаралар қабылдамаған.

Ауруханаға қызды жедел жәрдеммен жүрек соғысы әлсіреген шақта жеткізген. Алайда тахикардия белгілеріне қарамастан, дәрігерлер бірден реанимациялық әрекеттерді бастамаған. Олар алдымен оттегін қосып, содан кейін жүрек массажын жасаған. Адреналин оның қатты талап еткеннен кейін ғана енгізілген.

«Неліктен мен дәрігерлерге не істеу керектігін үйретуім керек? Олар бұл манипуляцияларды 2 сағат бойы жасады. Дефибриллятор қолданылмады. Мен шыдай алмай палатаға кірдім. Қызымның желдеткіш түтігін тістеп жатқанын көрдім, бұл оның азап шеккенін, өмір үшін күрескенін білдіреді. Сонда да ешкім дефибриллятор әкелген жоқ. Мүмкін ондай құрал ауруханада жоқ та шығар», - деді әйел.

Бұл оқиғаға қатысты әйел тергеуді талап етіп президентке жүгінді.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы осы жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар