Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтардың орта есеппен қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қазақстандықтардың орта есеппен қанша жалақы алатыны белгілі болды
Сурет: GOV.KZ
Өткен жылы жалақының өсімі Алматы және Шымкент қалаларында байқалған

Ұлттық статистика бюросы өткен жылы жалақының қанша теңге құрағанын мәлім етті. Орташа жалақы үш айда 11,4% өскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2024 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 308 717 теңгені құраған. Шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы IV тоқсанда 434 982 теңгені құраған. 2023 жылмен салыстырғанда өсім 10,5 пайызға, нақты мәнде – 1,8 пайызға өскен.

"IV тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты", - деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросының өкілдері.

2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс (32,8 пайызға өскен), ауыл, орман және балық шаруашылығы (22,7 пайызға өскен), жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,3 пайызға өскен) салаларында байқалған. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7,6 пайызға, білім беруде орташа айлық жалақы– 5 пайызға өскен.

2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы және Шымкент қаласында (13,6 пайызға), сондай-ақ Қарағанды (13,2 пайызға), Солтүстік Қазақстан (12,9 пайызға) және Ақтөбе облыстарында (12,6 пайыз) байқалған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар