Мәдениет
“Қызды болды”: әнші Кәмшат Жолдыбаева сәбилі болғаны туралы ақпарат шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 ақпан, 2025
- 1.1k

Желі қолданушылардың бірі әншінің Ақтөбеде тұрып жатқаны туралы жазған
Белгілі әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанды. Бұл туралы ақпарат желіде тарады, деп хабардайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.
Олар “Мен де естідім, біздің Ақтөбеде енесімен тұрып жатыр екен. Босанған шығар", “Бөпеңіздің бауы берік болсын!",, “Қырқынан шықты" деп жазған.
Журналист Анна Данченко да өнер иесін құттықтап, көпшіліктен сүйінші сұраған
“Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!”, – деді медиа өкілі.