Асхат Аймағанбетов: Көршілері ауытқуы бар азаматтар барын білуі керек
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 ақпан, 2025
- 178

Депутат Асхат Аймағамбетов психиатриялық есепте тұрған азаматтар барын көршілері мен мектептерге хабардар ету керектігін айтты. Астанадағы беті тілінген балаға қатысты оқиғадан соң осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Асхат Аймағамбетов депутаттар Астанада лифттегі жас балаға шабуыл жасалғаннан кейін психологиялық қызметтер саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған заң жобасымен жұмыс істей бастағанын мәлімдеді.
«Жақында лифттегі оқиға – жай ғана трагедия емес, қоғамда бар проблемалар туралы нақты сигнал. Бұл жағдай жүйелі кемшіліктерді анықтады: психикалық тұрақсыз жасөспірім кез-келген балаға шабуыл жасай алады. Тек ата-ананы жазалау мәселені шеше алмайды. Кешенді тәсіл қажет: ерте анықтап, бақылап, алдын алу керек», - деп жазды депутат Telegram-арнасында.
Сонымен қатар ол нейропсихиатриялық қызметтерді реформалаудың маңыздылығын атап өтті.