Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорғанда 50 жастағы ер адам өзіне интимдік қызмет көрсеткен жігітке ақша төлемей қойған

Талдықорғанда 50 жастағы ер адам өзіне интимдік қызмет көрсеткен жігітке ақша төлемей қойған
Сурет: dreamstime.com
Қосымша қызметтерді талап еткен ер адам жігітке 50 мың теңге қосымша ақы төлеуден бас тартады

Талдықорғанда 50 жастағы ер адам өзіне интимдік қызмет көрсеткен жігітке ақы төлеуден ба тартқан. Өйткені одан қосымша қызметтерді талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Halyqstan басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Көксу ауданының тұрғыны жалдамалы пәтерге 25 жастағы жігітті шақырған. Ол интимдік қызмет көрсету туралы 15 мың теңгеге жігітпен келісім жасаған. Бірақ қосымша қызметтерді талап еткен ер адам жігітке 50 мың теңге қосымша ақы төлеуден бас тартады. Екеуінің арасында осылай жанжал туындаған.

Айыпталушы күш қолданып, көрсетілген қызметке көңілі толмайтынын жеткізіп жігіттің iPhone телефонын тартып алған. Тергеу барысында оның пәтерден шығып кеткені анықталды. Ер адамның әйелі мен балалары мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысып жатыр.

Алайда жәбірленуші ымыраға келуден бас тартып, заң аясында әділ жаза тағайындауды талап етіп отыр. Қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына жіберілді.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар