Азиада-2025: Қазақстанға жеңіспен оралған хоккейшілерді Астана әуежайынан қарсы алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 ақпан, 2025
- 146

Қытайдың Харбин қаласынан Азиада-2025 ойынынан жеңіспен оралған шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының ерлер және әйелдер командаларын бүгін таңғы уақытта Астана әуежайында жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дүбірлі додада алтын және күміс медаль иеленген хоккейші қыз-жігіттерге ұшақ бортында да құрмет көрсетілді.
Әуе кемесі Астана әуежайына қонған сәтте құшағы гүлге толған қалың жанкүйер спортшыларды әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төгіп, шашу шашып қарсы алды.
Хокейшілердің туған-туыстары мен жақындары тілектер жазылған плакаттар ұстап келген.
Спортшылар қазақтың ұлттық тағамы – қымыз бен бауырсақтан дәм татты.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы өз тарихында тұңғыш рет қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.