Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«10-15 градус жылыға дейін көтеріледі»: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады

«10-15 градус жылыға дейін көтеріледі»: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады
Сурет: regions.ru
Температураның күрт өзгеруі күтіледі

Синоптиктер 20, 21 және 22 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» болжамынша, күн ақырындап жылына бастайды.

"Елдің солтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді. Ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды. Ал оңтүстік өңірлерде жағдай керісінше – мұнда баяу жылжып келе жатқан оңтүстік циклон ықпал етеді, күндізгі температура біртіндеп 10-15 градус жылыға дейін көтеріледі", – деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетсек, бұған дейін метеорологтар көктемгі ауа райы климаттық нормадан 1-2 градусқа жылырақ болатынын болжаған еді. Бірақ температураның күрт өзгеруі күтіледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар