Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазақ халқының қанына сіңіп кеткен негатив бар»: Айгүл Иманбаева қазақтарды түзегісі келетінін жеткізді

«Қазақ халқының қанына сіңіп кеткен негатив бар»: Айгүл Иманбаева қазақтарды түзегісі келетінін жеткізді
Сурет: ашық дереккөздерден
Жағалауымдагы жұрттың да үлкен өзгеріске бет бұрып, жарқын болашаққа бет алғаны маңызды

Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева қазақ халқының бойына сіңір кеткен негатив дүниелерді атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі көпшілікке көреалмаушылық пен біреудің кемшілігін ғана көруді доғаруды ұсынды.

“Біздің қазақ халқының ділінде қанына сіңіп, қалыптасып кеткен көптеген негатив дүниелер бар. Соның бірнешеуін атасам: кісіні жөнсіз сынап-мінеу, көреалмаушылық, кемшілігін теріп, жақсы қасиеттерін жоққа шығару, жалпы айналасындағы адамдардан тек жаман жағын ғана байқау. Осы жағымсыз қасиеттерінен біржола бас тартып, әркім өзін ғана көріп, өзіне күле білуді үйрену қажет деп санаймын. Мен үшін тек өзімнің ғана емес, жағалауымдагы жұрттың да үлкен өзгеріске бет бұрып, жарқын болашаққа бет алғаны маңызды”, – деп жазды актриса. 

Айтуынша, орысша сөйлегені үшін оқырмандарынан сөз етіп қалған. 

“Бір жиында орысша сөйлеп, сөз естідім. Іскерлік кездесу кезінде мен спикер ретінде шақырылдым. Сол кезде орысша сөйлеуге тура келді. Өйткені жалғыз қазақтар емес, орыстар мен ұйғыр ұлтынан да тыңдаушылар бар еді. Одан кейін әлеуметтік желідегі трендті түсіріп тағы сөз естідім. Хейтерлер қаптап кетті. Бірақ қазір солар мені өшірмей, өсірген екен. Сондықтан оларға ренішім жоқ”, – деді әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар