Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көктемге қарай қырыққабат қымбаттауы мүмкін

Көктемге қарай қырыққабат қымбаттауы мүмкін
Сурет: mir24.tv
Жұманғарин бағаның өсуі ҚҚС-қа да байланысты емес, бұл өнімнің маусымдылығына байланысты болуы мүмкін екенін айтты

Премьер-министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин көктемде Қазақстанда қырыққабат қымбаттап кетуі мүмкін деген болжамды айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қосымша құн салығы 16% өссе, инфляция 3,5% дейін болады.

«Бізде кәсіпкерлер бағаны 100% да көтере салуы мүмкін. Егер біз 20% көтерсек, (ҚҚС) тауарлардың тұтас спектрі қалай болатынын тұспалдадық. Қалыпты эконометрикалық модельдерден бастадық. 20% қосымша құн салығы өссе, сәбіз 7% дейін қымбаттар еді. Мен елдегі бағалар үшін азық-түлік тауарларына жауап берем. Содан білем. Жақында картоп жыры болды, солай емес пе? Енді мәселе туындап, көктемге қарай қырыққабат, одан кейін басқасы шығуы мүмкін. Бұл тіпті ҚҚС-қа да байланысты емес, бұл тек өнімнің маусымдылығына байланысты», - деді Жұманғарин Сенаттың Тaldau Talks подкастында. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар