
Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген айып бойынша тергеліп жатыр
Әділет министрлігі Перизат Қайрат жетекшілік еткен Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәлімет бойынша, қор 2021 жылдың 11 қазанында тіркелген.
"2025 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған бірлестікті мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілді", – деп хабарлады әділет министрлігі.
Осы жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қордың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз түскен.