Мәдениет
«Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің әйелі күйеуінің жазған хатын жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 ақпан, 2025
- 502

Хатында актер өзінің үйі бар екенін әйелінің есіне салған
Белгілі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің әйелі, блогер Фариза Алмаз бұрынғы күйеуінің өзіне жазған хатын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер хатты таңғы 4-те желідегі парақшасында бөліскен. Актер оны өзімен салыстырмауын, балаларының анасының үйі жоғын бетіне басқан.
“Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ жүрсің. Әке-шешеңмен біргесің. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар”, – деп жазған актер.
Айта кетсек, Нұрсұлтан Жақсыген бір сұхбатында әйелінен кешірім сұрап, қайта қосылуға ниетті екенін жеткізген болатын.