«Қатты қар жауады»: 27 ақпан мен 1 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 ақпан, 2025
- 4.3k

Синоптиктер 27 ақпан мен 1 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері ҚР аумағының басым бөлігінде боран мен қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанып отыр.
27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғуы мүмкін.
Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 аязға дейін, солтүстікте 15-25 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 аязға дейін, батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.