«Маңдайынан ломмен ұрған»: Түркістан облысында ауыл бұзақылары мүгедектігі бар жігітті азаптап өлтірген
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:51
- 74

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында ауыл бұзақылары мүгедек баланы қорлап, азаптап өлтірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл қанды қылмыс туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында бөлісті. Екінші топтағы мүгедектігі бар 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары айдалаға апарып ұрып-соққан. Ол ғана емес 14 жерінен пышақтап, азаптап өлтірген.
Журналисттің жазуынша, оқиға 20 ақпанда болған. Жасұланның мәйітін ауыл шопаны екі күннен кейін көріп, полицияға хабар берген.
«Менің ұлымды өзінен 4-5 жас үлкен айуандар жауыздықпен өлтіріп отыр. Ішіп-шегіп алған олар баламды 14-15 жерінен пышақтаған. Жүрегінен ұрған, маңдайынан ломмен ұрған. Айдалаға апарып тастап, өздері дым болмағандай көліктеріне қыздарды салып алып тайраңдап кетіп қалған», — дейді Жасұланның анасы.
Бұзақылардың бірі марқұмға 280 000 несие алғызған. Оның әскери қызметкер екені белгілі болды.