Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шариғат оны міндеттемейді»: Бас мүфти пітір садақа беру туралы айтты

«Шариғат оны міндеттемейді»: Бас мүфти пітір садақа беру туралы айтты
Сурет: muftyat.kz
Ауызашар беру сауапты іс саналады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада өткен баспасөз мәслихатында пітір садақаға қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, шариғатта жағдайы болмаса пітір садақа беруге, ауызашарға да шақыру міндеттелмеген.

“Бір нәрсені түсінуіміз керек. Қарызға батып, садақа бермейді. Шамасы келген адам ғана береді. Осыны жақсылап біліп алайық. Біздің дініміздің кереметтілігі сондай адамдардың жағдайына қарайды. Тіпті, ауызашар бермеген адамға күнә жазылмайды. Ауызашар беру сауапты іс саналады. Берсеңіз сауап, жағдайыңызға қарап бермесеңіз де болады. Ол үшін күнә арқаламайсыз. Қалтаңыз көтермесе пітір садақа да бермеңіз, ауызашарға да шақырмаңыз. Шариғат оны міндеттемейді”, – деді Бас мүфти. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар